Енді облыс әкімдігі мен оған қарасты барлық мемлекеттік ұйымдар таңғы сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін қызмет көрсетеді.
Түскі үзіліс уақыты – 12:30-дан 14:00-ге дейін. Бұл өзгеріс қызмет көрсету сапасын арттыру және жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр.
Жаңа кесте Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне толықтай сәйкес келеді. Заңда бекітілген 8 сағаттық жұмыс күні сақталады, ал түскі үзіліс жұмыс уақытына кірмейді.
Облыс әкімдігі барлық мемлекеттік мекемелердің қалыпты режимде жұмыс істейтінін және тұрғындарға уақтылы әрі сапалы қызмет көрсету жалғаса беретінін хабарлады.





