Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер малды заңсыз атып, кейін етін бөлшектеп, қылмысты жасыру мақсатында әкетуге әрекет жасаған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттердің жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды. Тінту кезінде Ақши ауылындағы үйлердің бірінен аңшылық қару мен бөлшектелген жылқы еті табылып, тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық істің материалдарына тіркеліп, тәркіленген ет заңды иесіне қайтарылды.
Жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің жедел әрі нәтижелі жұмысына ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау органдарына алғыс айтты.
Қазіргі таңда қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.





