Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында МӘМС жүйесіне халықты тарту мәселесі талқыланды

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне халықты тарту мәселесіне арналған өңірлік штабтың отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов төрағалық етті. Отырысқа облыстық басқарма басшылары қатысып, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары селекторлық режимде байланысқа шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесу барысында үш негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру, жүйеге қатысу динамикасы және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың жарна төлеу тетігі сөз болды.

Жиында Қанат Есболатов тұрғындарды МӘМС жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы уақытылы және сапалы хабардар етуге бағытталған жоспарлар бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Аида Балаеваның 8 желтоқсанда өңірлермен әлеуметтік мәселелер бойынша өткізген кеңесінде берілген хаттамалық тапсырмаларға сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов МӘМС жүйесінің азаматтарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік тетік екенін айтты.

«Алматы облысында тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда негізгі басымдық медициналық ұйымдар арқылы халыққа тікелей әрі түсінікті ақпарат жеткізуге беріліп отыр. Call-орталықтар, әлеуметтік желілер және медициналық ұйымдардың ресми сайттары арқылы дәрілік қамтамасыз ету, МӘМС шеңберінде қызмет алу, сақтандыру мәртебесін тексеру және қарызды өтеу тәртібі жан-жақты түсіндірілуде. Нәтижесінде созылмалы аурулары бар сақтандырылмаған азаматтар саны 18,7 пайызға азайды. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, отырыс барысында облыстық басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өңірлерде МӘМС жүйесін тиімді іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша негізгі жұмыс тетіктерін жетілдіру және жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңімен орындау үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы тағы да атап өтілді.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл өзгерістер халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және қаржылық жауапкершілікті басқарудың әртүрлі деңгейлері арасында қайта бөлуге бағытталған.

Атап айтқанда, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жүйесіне қатысуы сақталады. Алайда 2026 жылдан бастап аталған санат үшін сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен төленетін болады. Осыған ұқсас қаржыландыру тетігі табысы төмен D және E әлеуметтік санаттарына жататын азаматтарға да қолданылады.

Сонымен бірге, жұмыс істемейтін D және E санаттарына жататын тұлғалар үшін жарна төлеу процесі ай сайын жүзеге асырылады. Айдың бірінші күні Еңбек ресурстарын дамыту орталығы көрсетілген санаттағы азаматтардың тізбесін қалыптастырып, Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне жолдайды. Осы деректер негізінде Қор аталған тұлғаларға «сақтандырылған» мәртебесін беріп, олардың әлеуметтік санатын ақпараттық жүйеде белгілейді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz