Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында колледж студентін қатарластары соққыға жықты

Алматы облысында студент қызды қатарластары ұрып-соққан бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға Қаскелең қаласында орын алған. Бұл туралы alataunews.kz хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Egovpress Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбада Қаскелең кәсіби-техникалық колледжінің студенттері өз қатарласына күш көрсетіп жатқаны көрсетілген. Оқиға қоғамның наразылығын туғызып, кеңінен талқыланды.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты пікір білдіріп, оқиғаның 2024 жылғы 24 сәуірде болғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен құқық бұзушылықтың салдары жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деп атап өтті полиция өкілдері.

Аталған жағдайға байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі де ресми ақпарат таратты.

«Төбелеске қатысқан барлық студент қыздар анықталды. Олардың ата-аналарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша шара қолданылды», — делінген министрлік хабарламасында.

Құзырлы органдардың мәліметінше, бұл жағдай жіті бақылауға алынып, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданған.

Тегтер: Алматы облысықазақстанқылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz