Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көзі көрмейтін қарияға зейнетақысының орнына жалған ақша берген

Осыдан бірнеше ай бұрын ғана қарт кісі асылып өлген Қонаевтағы әлеуметтік орталықтан тағы да шу шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

10.06.2023
Аймақ

Бұл жолы қызметкерлер көзі көрмейтін қарттың қалтасына 50 мың теңге жалған ақша салып берген. Ал қария оны ай сайынғы зейнетақым деп жинап отырған көрінеді.

«Қарт кісінің көзі көрмейді, соны пайдаланып жалған ақшаны қолына ұстатады. Болмаса, газеттің қиындысын алдап беріп қояды. Ол оны шын ақша деп жинайды. «Қазпоштаның» адамдары жүреді, сол ақшаны өздері алады», – дейді қарттар үйінің бұрынғы қызметкері.

Ал ақшаны берді деп атап көрсеткен қызметкермен де тілдесіп көрдік. Алайда аталған орталықтың жұмысшысы бәрі жалған деп отыр.

«Мүмкін, біреулерге мен ұнамайтын шығармын, сол себепті маған жала жауып айтқан шығар. Бәлкім, көзі көрмейтінін пайдаланып, біреу менің атымды жамылып, сол жалған ақшаларды берген шығар. Мен бұл жағдайды түсінбедім. Пошта қызметкері зейнетақыны өзі береді. Бізде бір ғана пошта бар, ол–«Қазпошта», – дейді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шаруашылық бикесі Айсұлу Әбдіқалықова.

«Алатынымыз – айналдырған 50 мың теңге. Ешқайда жетпейді, тамақтары нашар, оған қарамастан қымбат. Бізді емін-еркін аулада жүргізбейді», – деді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Нұрмолда Нұрғалиев.

«Қарттар үйінің қызметін тұтынушы азаматтың зейнетақысының орнына айналымға жатпайтын, өтірік ақша банкноттарын тапсыру дерегі бойынша полиция қызметкерлері арнайы тексеріс жұмысын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», – деді ПД-ның баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Ал ескі басшылық кезінде есіміз екеу болды деп шағымын айтқан әйел осыдан бірнеше ай бұрын өзіне қол жұмсап көз жұмған қарияның қасында бірге тұрған. Сол кезде де арнамызға сұхбат беріп, қысым көргенін айтқан болатын.

«Сергейді табыттан қайта тұрғыза алмаймыз. Алайда қайта үмітіміз оянды. Телеарна келіп зерттеу жүргізген соң, тергеу басталды. Бұрынғы басшылық құрамы толық ауысып кетті», – деді «Шарапат»  әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Наталья Хвостова.

Айта кетейік, осы жылдың 25 ақпанда болған, қарттар үйіндегі 76 жастағы қарияның қазасына қатысты тергеу әлі аяқталмады дейді полиция өкілдері. Сондықтан бұған қатысты ақпарат жарияланбайды деп отыр. Ал жалған ақша беріп, жарамсыз банкноттарды таратқан қызметкер анықталса сотталуы әбден мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыжалған ақшазейнетақыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz