Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Көрісу күні атап өтілді

Еңбекшіқазақ ауданының жұртшылығы Көрісу күнін атап өтті.

15.03.2023
Аймақ
Фото: Болат Мәжит

Фото: Болат Мәжит

Есік қаласындағы Т. Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің алды мереке мен берекеге ұласты. Ән әуелеп, күй төгілді. Ағайын бір-бірімен құшақ жая амандасып, арқа-жарқа болды.

Жиналған жұртшылық, ең алдымен, облыстық музейлер бірлестігі ұйымдастырған көшпелі көрмені тамашалады.

Фото: Болат Мәжит

1 of 3
- +

«Бұл күнді халқымыз Амал мерекесі деп те атайды. Береке-бірлік пен тату тірліктің, қуаныш пен шаттықтың, ақ тілек пен пәк пейілдің ақтарылар күні. Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлағандай, көктем шыққан уақытты бабаларымыз «Амал келді, жыл келді» деп ерекше ілтипатпен қарсы алған», — деді салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Алтай Досымбаев.

Сондай-ақ шарада «Жеті қазына» құсбегілер мұражайының қызметкерлері қолына бүркітін қондырып, қасына тазысын ертіп саятшылықты дәріптеді. Игі шара Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен «Алатау әуендері» концерттік ұйымы дайындаған ән шашуға ұласты. Мерекені тойлап, мәре-сәре болған тұрғындардың да қуанышында шек жоқ.

Фото: Болат Мәжит

1 of 3
- +

«Бұл мейрам жыл сайын қанатын кеңге жайып келеді. Ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірімен құшақ жая амандасып, сағынысып, көрісіп жүргенге не жетсін?! Менің ұлтым – қазақ, шешем – орыс, ал әжем – татар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Одан артық қандай бақыт бар?! Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын!», – деді Есіктегі заң колледжінің 3-курс студенті Анна Қалиева.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЕсік қаласыКөрісу күні

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz