Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында келіндер байқауы өтті

Еліміздің Ұлттық мерекесі Республика күні қарсаңында Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің авторлық жобасы, дәстүрлі «Дана келін – дара келін» байқауы өтті. Келіндер байқауы Қарасай аудандық Мәдениет үйінің қолдауы, «Аналар кеңесі» ұйымының атсалысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

26.10.2023
Аймақ

Ауылдық округтердің атынан қатысқан келіндер байқаудың бес кезеңінде бақ сынасты. Келіндердің ерекше ынта, жоғары дайындықпен келгендері қырағы көрерменнің көңілінен шықты.

Бас жүлдені — Ұмтыл ауылдық округінің келіні Асқарова Гүлім Бауыржанқызы иеленді.

1-орын Береке ауылдық округінің келіні Тұрғанғазинова Аяулым, 2-орын Еңбекшіқазақ ауылдық округінің келіні Абдижабпарова Гүлжайна мен Іргелі ауылдық округінің келіні Оралхан Айнұр, 3-орынды Абдикаримова Гүлдана Тұрмағанбетовна иеленіп, диплом мен сыйлықтар табыс етілді.

Келіндерге үлгі өнеге көрсетіп, тәлім тәрбие беріп дайындауда, еңбектерін аямаған енелер қауымын Қарасай аудандық Мәдениет үйінің директоры Анар Бесікбайқызының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Әділ қазылар алқасы «Қарасай аудандық қазақ тілі қоғамдық» қорының жетекшісі Шара Қанатқұлқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің әдіскері Супиева Гүлжан, Шамалған ауылдық «Аналар кеңесінің» төрайымы Батиха Миркамалқызы, Республикалық «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық қорының Алматы облысы бойынша төрайымы Ләйле Ноғайқызы болды.

Жақында Ақтау қаласында өткен Республикалық «Абысын — ажын» байқауына Алматы облысы атынан қатысып, бас жүлдені жеңіп алған «Тату абысындар» командасы өнер көрсетіп көрерменді тәнті етті. Кеш соңында Алматы облысы мен Қарасай ауданының әрбір округтарынан келген ақ жаулықты аналар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ақ тілектерін жеткізді. Кеш ақ дастарханға ұласып, әжелер ақ батасын берді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz