Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кәсіпкер шылаушын өсіріп отыр

Ақдала ауылында тұратын Мархабат Қуандықов калифорниялық қызыл құртты көбейтіп, топырақтың құнарын арттыратын биогумос өндіріп жатыр. Соның арқасында биыл бау-бақшасы да берекелі болды.

09.10.2023
Аймақ

Мархабат Қуандықовты шылаушын өсіруге достары шақырған. Былтыр Алматыдағы оқу семинарына қатысып, сертификат алады. Шылаушын асырау арқылы пайдалы іспен айналысуға болатынын түсінді. Сөйтіп, бір шаршы метр жерді тыңайтуға жететін «калифорниялық» қызыл шылаушындарды 150 мың теңгеге сатып алды. Бақшасындағы қи аралас топыраққа жіберіп бағады. Көп ұзамай шылаушын 500 шаршы метр жерге жайылады.

«Бұған тек бақша емес, дәнді дақылдарды өсіруге болады. Шөпті, жоңышқа, жүгеріні өсіруге болады. Жерді тыңайтады ғой», — дейді кәсіпкер.

Бастапқыда өз ісін 10 шақты жауын құртымен бастаған шаруаның кәсібі ауылдастарына таңсық көрінді. «Құрт өсіріп уақытты босқа құртқанша, мал көбейтпей ме» дегендер болған. Бірақ Мархабат көктемде 10 гектар бау-бақшаны биогумуспен тыңайтты. Нәтижесінде қарбызы допша үрленіп пісті. Ал бір түп қызанақ бір шелек өнім берді.

«Өнімділік нәтижесі жақсы. Алдында бір уыс шыққан ғой қарбыз, қызанақтар. Өнімді жақсы береді. Бір қызанақтың өзінен ала берсең, қайта қайта шыға береді», — дейді Ақдала ауылының тұрғыны Тілеген Қордабайұлы.

Шылаушын өсірудің технологиясы қиын емес. Қи мен ми, су мен ылғал болса жеткілікті, — деп әзілдейді шаруа. Бақшадан 4 есе артық өнім жинаған кәсіпкер құнарланған топырақты ауылдастарына таратқан. Бақанас аймағының жері сортаң, тұзды, керішті келеді. Көкөніс пен жеміс-жидек өсе бермейді. Ал шылаушынмен тыңайтылған жер құнары артып, бақша дақылдарын молынан өсіруге болады, — дейді шаруа.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Кошанов созвал совместное заседание палат Парламента РК

Николай Иващенко
18.03.2026

В Конаеве к празднику Наурыз прошла экологическая акция «Табиғат қанатында – Taza Life»

Николай Иващенко
18.03.2026

В Алматы задержан Санжар Бокаев — Генпрокуратура

Николай Иващенко
18.03.2026

Новые учебники для школьников выпустят в Казахстане

Николай Иващенко
18.03.2026

Опубликован текст новой Конституции Казахстана

Николай Иващенко
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz