Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

Кеген ауданының әкімдігінде бала құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы өтті.

27.05.2023
Аймақ

Жиын барысында Саты ауылында болған қайғылы жағдайдан кейінгі мектеп оқушыларының хәл-жағдайы талқыланды. Сонымен қатар комиссия мүшелері облыс әкімінің бірінші орынбасарына бірқатар ұсыныс тастады.

Нақтырақ айтқанда, аудан әкімінің міндетін атқарушы Кеңес Қабылбековтің айтуынша, төбелес нәтижесінде қайтыс болған Мирасты соққыға жыққан Алишер Бақыт қазіргі таңда үй қамақта отыр. Оған психологтар күнде барып, көңіл-күйінің өзгеруі жайлы арнайы сараптама жүргізіп жатыр. Аты шулы істің соты ендігі айда өтеді. Ал Сатыдағы мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Оның оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болса, жұмыстан босатылды.

Жиынға қатысқан Алматы облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова болса, балалар арасында буллинг былтыр да болғанын айтты.

Десе де, аудан әкімінің міндетін атқарушы оқушылардың жағдайы бірқалыпты екенін және істің бақылауға алынғанын алға тартты.

Сондай-ақ Айгүл Есімбекова психологиялық тестілеудің нәтижелеріне сәйкес, Кеген ауданында 17 баланың суицидке бейімдігі анықталғанын айтты. Бүгінгі таңда ол оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Басқосуда өгей әке, өгей ана мәселесі де талқыға түсті. Себебі, елімізде аталған санаттағы адамдардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны көбейіп кеткен. Түйіткілге байланысты облыс прокурорының орынбасары Азамат Күреңкей өңірдегі отбасылардың портретін жасауды ұсынды.

«Жобаны қолданысқа енгізу — жоғарыда айтылғандай оқыс оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді. Яғни, біз облыста тіркелген отбасылардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын, немен күн көріп отырғандарын зерттеп, арнайы тізім жасаймыз», — деді Азамат Күреңкей.

Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым аудандағы мамандарға әр жағдайды уақытылы жеткізіп отыруды, оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыкәмелетке толмаған баласуицид

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz