Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инфляция бақылауда: азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда

2025 жылдың қыркүйегіндегі деректерге сәйкес, Алматы облысындағы жылдық инфляция деңгейі 13,0 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейден төмен болып, өңірді 11-орынға шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 108,0 пайыз деңгейінде сақталып отыр (Қазақстан бойынша орташа — 108,3%).

Өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры тұрақты түрде толықтырылуда. Қазіргі уақытта қоймаларда:

  • 10 094 тонна тауар,

  • 16,9 млн дана жұмыртқа сақтаулы.

Жыл сайын халықтың үш айлық тұтынуының 30%-ы көлемінде қор құрылуы — бағаның күрт өсуін болдырмаудың басты құралы. Әсіресе көкөніс өнімдері секілді маусымдық тауарлар бойынша бұл тәсіл тиімділігін көрсетіп келеді.

Сиыр еті мен күнбағыс майына қолжетімді баға

Қысқы-көктемгі маусымда сиыр еті бекітілген бағамен сатылып, нарықтағы бағаның қымбаттауына жол берілмеді. Соның арқасында өңірде сиыр етінің қымбаттауы республика бойынша ең төмен деңгейлердің бірі — 26,4% өсіммен 9-орында.

Күнбағыс майы бойынша да тұрақтандыру қоры жұмыс істеп тұр. Өнім тұрғындарға литріне 576 теңгеден сатылуда. Бұл баға — зауыттың шығару құнынан да төмен. Бағдарлама өңір тұрғындарына майды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп, нарықтағы қысымды азайтты.

Келесі маусымға дайындық

2026 жылғы маусымаралық кезеңде тапшылық болдырмау үшін қала халқының үш айлық тұтынуының 50%-ына тең қор жасақталып жатыр:

  • Картоп — 3 815 тонна

  • Сәбіз — 884 тонна

  • Пияз — 625 тонна

  • Қырыққабат — 930 тонна

Бүгінде 18 түрлі әлеуметтік тауардың жалпы қоры 7 430 тонна және 16 млн дана жұмыртқа көлемінде сақталуда. Қордың жалпы құны — 4,7 млрд теңге. Оның ішінде көкөніс қоры — қала халқының 3 айлық қажеттілігінің 50%-ын, сиыр еті — 70%-ын жабады.

Тауар сату және қарыз келісімдері арқылы 1 076 млн теңге бос қаражат жиналды. Жыл соңына дейін аяқталатын шарттардан тағы 1 960 млн теңге қайтарылуы күтіледі. Жинақталған қаражат жаңа тауарлық келісімшарттарға бағытталып, бағаны тұрақтандыру шаралары жоспарлы түрде жалғасатын болады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz