Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды

ҚР ІІМ мәліметінше, есірткі зертханасын 27 жастағы О. есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған.

29.04.2023
Аймақ
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

«Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол «синтетика» өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұсталған адамның айтуынша, ол өндіріске қажетті шикізатты «жұмыс берушіден» Алматы облысы Қарасай ауданында жасырылған жасырын орындар – бетбелгілер түрінде алған.

«О. есімді азамат дайын өнімді дозалар бойынша бөліп, қаланың Түрксіб, Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарында сатқан. Ұсталған адамның жалға алған тұрғын үйінде тінту жүргізілді: есірткі зертханасының дәстүрлі жиынтығы табылды. Шөп пен шикізат сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді», – деді Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Тегтер: Алматы облысызертханақылмыстық іссинтетикалық есірткі

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz