«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, ұлттық парк аумағында сел жүруі ықтимал. Туристтердің қауіпсіздігі үшін екі нысанға апаратын жол 1 тамызға дейін жабылды.
«2023 жылғы 27 шілде мен 2023 жылғы 1 тамыз аралығында Есік көліне апартын тас жол мен Түрген – Обсерватория тас жолы бойындағы бақылау-өткізу бекеттерінен қауіпті аймақтарға көліктердің өтуіне шектеу қойылды», – деп хабарлады аудан әкімдігі.
Өткен демалыс күндері Еңбекшіқазақ ауданында сел жолды шайып кетті. Құтқарушылар түні бойы 14 адамнан тұратын туристер тобын іздеуге мәжбүр болды. Абырой болғанда барлығы құтқарылды.





