Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Еңбек күні кең көлемде аталып өтті

Алматы облысында Еңбек күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Бұл мереке тек өңірдің емес, бүкіл елдің дамуына үлес қосқан еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл мерекелік шаралар 19 қыркүйекте Талғар аудандық Мәдениет үйінде басталды. Мұнда «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының жеңімпаздары мен облыстың барлық аудандарынан келген жұмысшы мамандық иелері марапатталды. Оларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар, дипломдар және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Іс-шара еңбек ардагерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Ал Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Керуен» жобасының таныстырылымы және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

«Керуен» жобасы – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбек беделін арттыру, халықты кәсіптік оқыту мен жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыруға бағытталған бастама. Жоба аясында жастармен, ауыл тұрғындарымен, колледж студенттерімен және жұмыссыз азаматтармен кездесулер өткізіліп, аудан әкімдіктері, білім беру, кәсіпкерлік, мәдениет және жастар саясаты басқармаларының өкілдері, мансап орталықтары, кәсіпкерлер мен кәсіби бағдар беру мамандары атсалысты.

Жобаның басты мақсаты – жастарды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тарту, сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру, «Бастау Бизнес», «Enbek Skills» бағдарламалары мен әлеуметтік гранттар және микрокредиттер туралы кеңінен түсіндіру.

Апталық форматта өткен Еңбек күні мерекесі Есік қаласында TED форматындағы облыстық конференциямен жалғасын тапты. Онда еңбек ардагерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлері бас қосты. Сонымен қатар, Талғар ауданында және Қонаев қаласында мансап орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен кездесулер өтті.
Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтіп, әлеуметтік салаға үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.

Ал жастар арасында «Менің мамандығым – менің болашағым» атты флешмоб ұйымдастырылып, студенттер қолөнер, тағам өндірісі, электротехника, дәнекерлеу ісі, ІТ-технологиялар және тігін ісі бойынша көрмелер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Жыл басынан бері облыста 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 37 ашық есік күні ұйымдастырылып, оған 508 жұмыс беруші, 3008 жұмыс іздеуші, 761 оқушы және 727 студент қатысқан.

Соңғы жылдары дәстүрге айналған «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстары жаңа есімдерді ашып, адал еңбек пен өзара көмектің үлгісіне айналды.

Облыстық мәслихат төрағасы өз сөзінде:

«Еңбек күні – барлық мамандық иелері мен буындарды біріктіретін ерекше мереке. Бұл қарапайым адамның табандылығы мен адал еңбегіне көрсетілген құрмет. Бүгін марапат алған азаматтар өз еңбегімен өңіріміздің дамуына зор үлес қосуда», – деді.

«Еңбек жолы» байқауы үш номинация бойынша өтті:

  • «Үздік еңбек әулеті»,

  • «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері»,

  • «Өндірістің үздік жас маманы».

Сонымен қатар, «Парыз – 2025» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

  • Үздік еңбек әулеттері – Абдрахмановтар, Сайбировтар, Бакеновтар отбасы.

  • Жастарға тәлімгерлік еткендер қатарынан Райымбек ауданынан Жанат Керімбаев, Кеген ауданынан Ернат Инсебаев, Қарасай ауданынан Айман Байсеитова үздік деп танылды.

  • «Өндірістің үздік жас маманы» атағын Іле ауданынан Дильфуза Бақытжанова, Кеген ауданынан Ермахан Бекмұрат, Алатау қаласынан Дархан Жақаев иеленді.

  • «Парыз – 2025» байқауында Ұйғыр ауданынан Юлдаш Семятов, Еңбекшіқазақ ауданынан Уларым Тұрсын, Қонаев қаласынан Ләззат Салықова жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар кабельшілер, инженерлер, тракторшылар, электромонтерлер, жүргізушілер, етікшілер және басқа да түрлі жұмысшылар еңбегі еленіп, марапатқа ие болды.

Адал еңбек – ұрпаққа өнеге

Мерекеде марапатталғандардың ішінде Іле ауданындағы «Алель Агро» АҚ-да еңбек ететін Абдрахмановтар отбасы да бар.

«Еңбек – біздің отбасымыздың басты құндылығы. Әкелеріміз бен аталарымыз бізге еңбекқорлықты өмірлік қағида ретінде үйретті. Бұл марапат – тек біздің емес, барлық еңбек адамдарының құрметіне берілген сыйлық», – деді әулет мүшелері.

Бұл еңбек әулеттерінің ұрпақ сабақтастығын сақтап, адал еңбекті дәріптеп келе жатқанын көрсетеді.

Қоғам үшін ортақ құндылық

Мереке аясында мемлекеттік грант иелері өз бизнес-жобаларын ұсынып, еңбек нарығының дамуына жаңа серпін берді. Шараға 400-ден астам адам қатысып, 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Еңбек күні – қарапайым еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеретін ерекше мереке. Өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтар – мемлекеттің нағыз тірегі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz