Айтуларынша, нөсер жаңбырдан кейін ауыз судың сапасы нашарлаған.
«Тау суын орталықтандырылған ауыз су ретінде тұтынамыз. Дегенмен адамдар осы үшін ақша төлейді. Жауаптылар барлық төтенше жағдайға дайын болуы керек қой. Бүгін екінші күн лай су ағып тұр», — дейді ауыл халқы.
Қарасай ауданының әкімдігі аталған жағдайды растап отыр. Қазіргі таңда жауапты компания тазалау жұмыстарын жүргізуде.
«Жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан, сондай-ақ таулы жерлерде сел жүруінен тау суының көзі ластанған, осыған байланысты магистральдық желілерде судың күйінің бұзылуы байқалады. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша су өшірілген жоқ. Қазіргі уақытта су тазартылуда, сонымен бірге тұндырғыштарды тазарту жұмыстары жүргізілуде», — деді Таусамалы қызметі» КМК.





