Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Eco Park Alatau» үлескерлер мәселесін шешу жолдары талқыланды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кеңес барысында белгілі болғандай, жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуінің құрылысы әлі аяқталмаған. Сонымен қатар, құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылған, бұл өз кезегінде қосымша құқықтық қиындықтар туындатуда.

Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң талаптарына сай және толық көлемде аяқталуы тиіс екенін қатаң ескертті. Құрылыс компаниясы өз тарапынан тұрғын үйлерді уақытылы аяқтап, пайдалануға беру міндеттемесін алды. Ал әкімдік инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсететінін, бірақ негізгі жауапкершілік құрылыс компаниясында қалатынын жеткізді.

2023 жылдың желтоқсан айында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағында көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салу көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша, Әсет Масабаев:

  • Құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді;

  • Құрылыс мерзімінің нақты кестесін айқындауды тапсырды.

Үлескерлермен ашық әрі тұрақты диалог орнату мақсатында, әр апта сайын жұмыс жиындарын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы және жобаның өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Әкімдік тарапынан бұл жағдай қатаң бақылауға алынып, үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда болмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz