Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында денсаулық сақтау басқармасына қатысты тергеу басталды

Антикоррупциялық қызмет Алматы облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар шетелдік инвестордың ірі медициналық жобаны іске асыруына кедергі келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сөз халықаралық International Academy of Medicine and Sciences (IAMS) компаниясы туралы болып отыр. Бұл ұйым өңірдің медициналық инфрақұрылымын жаңғыртуға 4,4 млрд теңге инвестиция құйып, көпсалалы клиникалық аурухананы күрделі жөндеуден өткізген. Қарыздарын өтеп, жаңа инфекциялық корпус салды, халықаралық аккредитациядан өтуге жәрдемдесіп, бірқатар жаңа бөлімшелер ашуға көмектесті.

Алайда инвестордың барлық әрекетіне қарамастан, әкімдік аталған нысанды балансқа қабылдаудан бас тартып, инженерлік желілерге қоспаған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында басқару үшін төленуі тиіс шарттық төлемдер де бір жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.

Инвестор бірнеше мәрте шенеуніктерге ресми түрде жүгінсе де, нақты нәтиже болмаған. Көптеген уәде мен ұзаққа созылған үнсіздіктен кейін, компания «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) жүгініп, сотта жеңіп шықты. Сот шешімі бойынша, мемлекеттік органдар 370 млн теңге төлеуге міндеттелді. Қазіргі уақытта IAMS тарапынан 13 млрд теңгенің тағы бір талабы қаралуда.

2025 жылдың 24 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық кодекстің 365-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша («Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру») іс қозғаған. Бұл ақпарат премьер-министрдің ресми жауабында көрсетілген.

Инвестордың мәлімдеуінше, әкімдіктің әрекетсіздігі мен қолдау көрсетпеуіне байланысты, олар Қонаев қаласында жүзеге асырылуы тиіс болған 30 млрд теңгелік тағы бір жобадан бас тартуға мәжбүр болған.

Фото: ашық дереккөзден

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz