Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 22 мамыр, дүйсенбі күні бірқатар өңірде күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

22.05.2023
Аймақ

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында — найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыс желінің қарқыны найзағай кезінде 17-22 м/с жетеді, кей уақытта — 25 м/с.

Алматы қаласында күн күркірейді. Найзағай кезінде солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы — 17 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні — 15-20, Алакөл маңында — 25 м/с.

Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 18 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің күші — 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні — 18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жел қарқыны — 23 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде — найзағай, шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел қарқыны -15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тегтер: Алматы облысыауа райыдауылды ескертуҚазгидромет

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz