Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында блогер қыз жалған алып қашу қойылымы үшін жазаланды

Алматы облысының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде қаралым жинау мақсатында жалған алып қашу көрінісі бейнеленген видео жариялағаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 15 қаңтар күні шамамен сағат 20:00-де бойжеткен TikTok парақшасында өзін алып қашып, мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығармақ болды деген мазмұндағы жалған бейнежазба жариялаған.

Аталған видео қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған.

«Сот отырысы барысында К. есімді азаматша өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны тек қаралым жинау мақсатында жариялағанын және жасаған әрекетіне өкініш білдіретінін айтты», – деп мәлімдеді Қарасай ауданаралық мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот.

Сот шешімімен азаматша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың алғаш рет жасалғаны және айыпталушының шын өкінгені ескеріліп, айыппұл сомасы 30 пайызға азайтылды.

Нәтижесінде блогер қыз 60 550 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz