Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бірнеше ауылды су алды

Алматы облысындағы ирригациялық каналдардағы су деңгейінің жоғарылауы салдарынан екі ауыл мен Талғар қаласын су басты.

28.07.2023
Аймақ

2023 жылғы 27 шілде күні кешке Талғар қаласының бірнеше шағын ауданында аулаларды су басты. Жергілікті суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, іркіліс болған.

«Оқиға орнында «Талғарирригация» МКК мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, шлюздер тазартылып жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», – деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Көршілес Кеңдала, Тұздыбастау ауылдарында да жағдай осындай. Ол ауылдарда да құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше аула аумақтарын су басқан.

Ал Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ертең, 28 шілдеде облыста жаңбыр жауатынын ескертті. Құтқарушылар тұрғындарға тауға және бөгетке шықпауды, көліктерді ағаштардың астына қоймауды сұрады. Облыста әлі де сел жүру қаупі бар.

Сел жүру қаупіне байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі тас жолдың Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бөлігін уақытша жабылатынын хабарлады.

Тегтер: Алматы облысыТалғар

Соңғы жаңалықтар

Опубликован текст новой Конституции Казахстана

Николай Иващенко
18.03.2026

Артур Ластаев посетил исправительное учреждение №12 в Алматинской области

Николай Иващенко
18.03.2026

Дачные массивы Алматинской области станут селами: в акимате представили список

Николай Иващенко
18.03.2026

Новый облик побережья: в Конаеве начали реконструкцию пляжей №6 и №7

Николай Иващенко
18.03.2026

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz