Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында білім саласы қарқынды дамып келеді

Алматы облысында 2024-2025 оқу жылының басында оқушылар саны 14 мыңға артып, жалпы саны 367 325 балаға жетті. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Аймақта білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Үш ауысымды мектептерді азайту және жаңа мектептер құрылысы

Оқушылар санының көбеюіне байланысты үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін “Жайлы мектеп” жобасы аясында 53 жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда. Биылдың өзінде 7 жаңа мектеп ашылып, мыңдаған бала заманауи білім беру жағдайларында оқу мүмкіндігіне ие болды.

“50 табысты мектеп” жобасы

Өңірде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында “50 табысты мектеп” жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында 3817 мұғалім мен 58 мыңнан астам оқушы арнайы курстардан өтті.

Қауіпсіздік пен әлеуметтік қолдау шаралары

Балалардың қауіпсіздігі үшін 371 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылды. Сонымен қатар, 186 773 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, ал асханасы жоқ шағын мектептерде 6648 оқушы буфеттік тамақпен қамтылды.

Инфрақұрылымды жаңғырту

2023-2024 жылдары 24 білім беру нысанында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар және өнер мектептері бар.

Диана Тетенқызының айтуынша, аймақтағы білім саласындағы бұл өзгерістер балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада дамуына бағытталған.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz