Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балықтарды құтқару жұмыстары 40 жылдан бері жүргізіліп келеді

Жаз бойы Балқаш ауданындағы күріш алқабын суару кезінде Іле өзеніндегі балықтар ағып келіп, кері шыға алмай қалады екен. Себебі тозығы жеткен тосқауылдағы тор шағын балықтар мен шабақтарды ұстап қала алмайды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.09.2022
Аймақ

Күріш суды жақсы көретін дақыл, сондықтан Іле өзенінің бойындағы ирригациялық каналда су үнемі жатады. Тосқауылдың әбден тозығы жеткендіктен балықтар арнаға кіріп, уылдырық шашады. Күзде күріш орылып, арнадағы су тартылған соң кішкентай балықтар босқа өліп қалуы мүмкін. Қазір Балқаш ауданындағы балық құтқару жұмыстарына 80 адам жұмылдырылған. Лай судағы шабақтарды аулау оңай емес. Жұмыс бір айдан аса уақытқа созылады.

«Біздің фермаға бұл шығын. Өйткені бізге балық аулауға үкіметтен, еш жерден ақша бөлінбейді. Баяғыда көпіршікті балық тосқауылы болған, дамыған. Одан кейін торлы тосқауыл қойды. Ал тор шабақтарды жіберіп қояды. Ол жәй тор», – дейді шаруашылық гидротехнигі Әлімжан Ахметов.

Ал Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, қыркүйек айының басынан бастап қазіргі таңға дейін осы суару каналдарынан 600 мыңнан астам құнды балық, шабақтар құтқарылып, табиғи ортасына қайтадан жіберілген.

Мамандардың айтуынша, алқаптағы балықтарды уақытында құтқармаса экологиялық апат болуы мүмкін. Оған қоса жоғары сұранысқа ие сазан, табан, көксерке сынды балықтардың азайып кету қаупі тағы бар. Сол үшін диқандар мен балық шаруашылығы инспекциясының мамандары құтқару жұмыстарына бір ай уақытын арнайды. Балқаш ауданы Алматы облысында күріш өсіретін жалғыз аудан.


«10 мың гектарға дейін болған. Қазіргі мына судың тапшылығына байланысты бұл дақыл да азайып бара жатыр. Енді болашақта суды аз қажет ететін дақылдарға көшеміз бе деген ойлар бар. Сонымен ғылыми зерттеу институттарымен бірге үлкен жұмыс жасап жатырмыз», – дейді Балқаш аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Бүркіт Мұқанов.

Айта кету керек, былтыр жазда балықтарды құтқару жұмыстарына 130-дан аса адам жұмылдырылып, 400 мыңнан аса балық Іле өзеніне жіберілген. Биылғы жұмыс қазан айының ортасына дейін жалғасып, миллионға жуық балық құтқарылады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz