Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында бәсекелестікті арттыру үшін тауар нарықтарына ауқымды талдаулар жүргізілуде. Жыл басынан монополияға қарсы орган заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жоюға баса назар аударды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жыл басынан 11 нарыққа талдау жасалып, мектепке дейінгі білім беру, интернет және байланыс қызметтері, сұйытылған мұнай газы сияқты салаларда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілер анықталды. Бұл шаралар нарықтық тәртіпті қалпына келтіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді.

“Біздің мақсатымыз – әділ бәсекелестікті орнату. Үстем жағдайды теріс пайдаланатын субъектілерге қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бәсекелестік болмаса, тұтынушылар да, кәсіпкерлер де зардап шегеді”, – деп мәлімдеді Дәулет Қуатұлы.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге қатысты 6 өтінішті қарады. Оның 2-уі мақұлданып, 4 өтініш бәсекелестікті шектеу қаупіне байланысты қабылданбады.

Айта кетерлігі, «Алтын Орда» көтерме базарына қатысты 123 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленіп, айыппұлдар салынды. Бұл аймақтық нарықтағы ең ірі бұзушылықтардың бірі болды.

Алдағы уақытта да Алматы облысының бәсекелестік нарығын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Нарықтағы заңсыздықтарды жою жұмыстары жалғаса береді, деп қорытындылады спикер.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz