Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша картоп — 1,2%-ға, сәбіз — 2,8%-ға, жұмыртқа — 0,2%-ға, пияз — 3,4%-ға, ақ қырыққабат — 3,1%-ға төмендеуі байқалады. Өткен аптада қарақұмық жармасы бағасының 311 теңгеден 337 теңгеге дейін шамалы өсуі тіркелді.
Сондай-ақ, баяндама барысында Қуаныш Бахытұлы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыратынын, тауарлардың құнын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.





