Синоптикалық мәліметтерге сәйкес, облыста түнгі уақытта ауа температурасы -13…-18 градус шамасында болады. Ал облыстың солтүстігі мен орталығында түнде -20…-25 градусқа дейін суытады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауады.
Солтүстік, оңтүстік және таулы өңірлерде кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с, ал облыстың шығысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Күндіз облыс аумағында ауа температурасы -8…-13 градус, ал солтүстік пен орталық аудандарда -15…-20 градус болады. Оңтүстік және таулы аймақтарда қар жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ сақталады.
Қонаев қаласында түнде ауа температурасы -20…-22 градус шамасында болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с соғады.
Күндіз Қонаевта -15…-17 градус суық сақталады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.





