Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауылшаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылады

Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Алматы облысы әкімдігімен үшжақты шарт жасалды, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.

Ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдыковтың сөзінше, қаражат «Қонаев» ӘКК сенім білдірілген агенттің шотына аударылады.
Қазіргі таңда кредит алуға үміткерлердің құжаттарын тексеру, жобаны бағалау, кепілдердің болуы мен сәйкестігі бойынша жұмыс жүргізуде.
Спикер аймақтағы инвестициялық жобалар туралы тарқатты. СҚО-ның тауарлы сүт фермасын салу және кеңейту бойынша тәжірибесін тираждау шеңберінде облыста 11 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.Мәселен, жылына қуаттылығы 2,44 мың тонна сүт өндіретін «ABDI AGRO» ЖШС жобасы аясында сметалық құжаттама әзірленді, инфрақұрылымдар толық жүргізілді. Сонымен қатар, қуаттылығы 1,83 мың тонна сүт өндірісі «Байсерке Агро» жобасы. Бұдан бөлек,«Кооператив Талас» ,«Айдарбаев» ШҚ ,«Тұржан Дәулетхан Мәжитұлы» ЖК, «Агропромышленная компания «Адал» АҚ, «Агрофирма Dinara ranch» ЖШС жобалар жүзеге асырылады.

 

«Бұл жобаларды іске асыру импортты алмастыруға, сүттің қосымша көлемін өндіруге тікелей әсер етеді.Алматы облысының сүт өнімдеріне қажеттілігін 100% қамтамасыз етеді»,-дейді Димаш Сыдықов.
Өз баяндамасында Димаш Сыдықов 7,0 млрд теңгеге 4 жобаның пулы дайындалғанын атап өтті. Өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру және көкөніс қоймаларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, жоба аясында ылғал үнемдейтін технологияларды қолдану жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 748 мың тонна көкөніс өнімдері мен 471 тонна картоп жиналды. Облыста қуаттылығы 128,6 мың тонна болатын 71 көкөніс қоймасы жұмыс істейді.
Спикердің айтуынша, маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерін сақтау үшін қолда бар қуаттар жеткіліксіз. Қосымша қоймалар салу маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерін сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді және облыс тұрғындарының өз өндірісіндегі көкөніс өнімдеріне деген қажеттілігін 78%-ға қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта,  агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Сонымен қатар ,кредит беру бойынша ақпараттар ӘКК облыс әкімдігінің ресми сайтында үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жариялайды.
Ресми сайтта өтініштерді қабылдау және оның аяқталу күні туралы мәліметтерді, қажетті құжаттардың тізбесін, үміткерге қойылатын талаптарды, құжаттарды тапсыру тәртібін, алғашқы консультация алуға арналған байланыс нөмірлерін және басқа да қажетті деректерді қамтылады.
Қонаев ӘКК инвестициялық жобаларды дамыту және активтерді басқару департаментінің директоры Тыныс Даулетбекұлының айтуынша , барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тексеріліп, және қаржыландыру талаптарына сәйкес келген кезде АӨК саласында ұсынылған жобаға бағалау жүргізіледі деп қорытындылады.

Тегтер: Ауыл шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz