Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат К.-ға қатысты іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қаралған.
Сот талқылауы барысында 2025 жылғы 27 қыркүйекте сотталушының алкогольдік масаң күйде Жиделі ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде жәбірленушімен жанжалға түскені анықталған. Жанжал кезінде ол ас үй пышағын қолданып, жәбірленушінің кеуде қуысы мен іш қуысына екі рет пышақ сұққан. Соның салдарынан жәбірленушінің өміріне қауіпті ауыр дене жарақаттары келтірілген.
Оқиға болған сәтте үйде өзге адамдар болған. Олар шу естіп, дереу оянып, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Ал жәбірленуші сотқа сотталушымен татуласқанын және келтірілген материалдық залалдың толық өтелгенін хабарлаған.
Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның алкогольдік масаң күйде жасалғанын, сондай-ақ сотталушының жеке басын және істің барлық мән-жайын ескерді.
Нәтижесінде сот үкімімен азамат Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемесі белгіленді.
Сонымен қатар сотталғаннан Жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.





