Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауылдар кеңжолақты және мобильді интернетпен қамтылуда

Алматы облысында 373 елді мекеннің 355-і кеңжолақты интернетке қосылған, олардың 352-сі мобильді интернетті еркін қолдана алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Спикердің айтуынша, ауылдық жерлерге интернет тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері бірнеше ауылға мобильді интернет қосылды. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданының Көкпек, Ұйғыр ауданының Рахат, Балқаш ауданының Қоскүмбез, сондай-ақ Кеген ауданының Ақай Нүсіпбеков ауылдары 4G желісімен қамтылған.

Жиында жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар да жарияланды. Жоспарға сәйкес, Қарасай ауданының Көктөбе ауылында 4G желісі іске қосылады, ал Кеген ауданының Талды ауылындаинтернет жылдамдығы артады.

Жандос Ақылдың айтуынша, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында OneWeb спутниктік байланысы да белсенді енгізіліп жатыр. Қарасай ауданының Айқым, Кұрқұдық, Жыңғылды, Кеген ауданының Жіңішке, Балқаш ауданының Қасқаөгіз ауылдары спутниктік интернетке қосылған. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданының Қарабастау, сондай-ақ Қарасай ауданының Көктөбе ауылдары қосылмақ.

«Енді жұрт тек үйлер мен мемлекеттік мекемелерде ғана емес, қоғамдық орындарда да тегін Wi-Fi-ды пайдалана алады», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар интернет инфрақұрылымын дамыту өңірде жасанды интеллект технологияларын енгізуге жол ашуда. Бүгінде Алматы облысында 9 425 бейнабақылау камерасы жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Олар тұлғаны тану, қауіпті заттарды анықтау, адамдардың шоғырлануын бақылау сынды функцияларды орындайды.

Өңірде республикалық деңгейдегі алғашқы жасанды интеллект жүйесі – Qonaev AI пилоттық режимде іске қосылды. Жүйе әкімдіктер мен басқармалардағы деректерді біріктіріп, талдамалық шешімдер ұсынуға көмектеседі.

Айта кетейік, облыстың цифрлық трансформация картасы әзірленіп, қазір Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде қаралып жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz