Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты қаржы бөлінді

Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2026 жылы өңірде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде агроөнеркәсіп кешенін қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
09.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Атап айтқанда, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 4 млрд теңге қарастырылды. Оның 2,5 млрд теңгесі ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорын – «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамына жүгеріні терең өңдеу жобасын іске асыру және заманауи жабдықтар сатып алу үшін берілді. Аталған жоба биылғы жылы іске асырылмақ. Бұл жоба өңірде қайта өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында ірі ауыл шаруашылығы субъектісі – «Alfalfa» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қолға алынды. Бұл жоба да 2026 жылы жүзеге асырылады. Аталған шара егіншілік саласындағы өнімділікті арттырып, су тапшылығының алдын алуға бағытталған.

Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркінбек Дауткуловтың айтуынша, ауыл шаруашылығына көрсетіліп отырған қолдау өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуда шешуші рөл атқарады:

«Біз ауыл шаруашылығын экономиканың негізгі тіректерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сондықтан өндірісті жаңғыртуға, қайта өңдеуді дамытуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық беріліп отыр. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы нақты жобаларға бағытталып, өңірдің агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Мамандардың пікірінше, мұндай кешенді қолдау шаралары Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып қана қоймай, саланың тұрақты дамуына, инвестициялық тартымдылықтың артуына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Тегтер: АзияАгроФудалматы облысының жаңалықтарыАуыл шаруашылығыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz