Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 қаңтар күні Қарасай ауданы аумағында болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз ер адамның автобус жүргізушісіне агрессивті түрде тап беріп, қоғамдық көліктің әйнегін қасақана сындырғаны көрсетілген. Аталған жазбадан кейін полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, үш күдіктіні анықтап, ұстады.
«Белгісіз ер адам қоғамдық автобустың әйнегін қасақана сындырған. Полиция үш күдіктіні ұстады. Негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.





