Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғаш рет Қымызмұрындық өтті

Қымыз фестивалі Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

28.07.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Жайлауда 40-қа жуық киіз үй тігіліп, оның жартысында қазақы дәстүр мен салт-сананы насихаттайтын көрме қойылды. Мұнда ұлттық тағамдардан (бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, жент) бастап, ағаштан жасалған мүсіндерге дейін бар. Қолөнер кәсіпкерлер шатыр астында өнімдерін саудалады. Майлы бояумен салынған пейзаждарға, күміс әшекейлерге, ағаш ыдыс-аяқтарға, қой жүнінен тігілген көрпе-жастықтарға қызығушылар көп болды.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 8
- +

Тау етегінде өткен фестивальда ауыл жастары қошқар мен гір тасын көтеру, қазақ күресі сияқты ұлттық ойындарда өзара бақ сынасты. Аспантаулық жас балуандар ауа райының қолайсыздығын елемей, бозкілемнің үстінде белсене белдесті.

Фото: Аслан Қажеке

Қымызмұрындықта этно-мәдени орталықтардың мүшелері де бой көрсетті. Себебі, шараны ұйымдастырудағы мақсаттың бірі — түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін нығайту. Бұдан бөлек, туризм басқармасының басшысы фестивальға шетелдік туристер де келгенін айтты.

«Биылғы жылдың басынан облыс әкімдігі агротуризмді, гастротуризмді дамытуға ерекше ден қойды. Соның бүгін бір көрінісін тамашалап отырмыз. Шараға туристік компаниялардың мамандары келді. Олар шетелдік демалушыларға қазақтың мәдениетін, дәстүрін көрсетіп, таныстырып жүр. Қымызмұрындық жыл сайын түрленіп, шетелдіктерді тартатын шараға айналады деп сенеміз», — деді туризм саласының басшысы Айбар Теменов.

Расында да, ұлттық дәстүр ерекше ұлықталды. Мәселен, сауыншы әйел бие сауып, сүт алудың өзіндік әдіс-тәсілдерін таныстырды. Түйені шөгеріп, тең артудың амалдары да көрсетілді.

Фото: Аслан Қажеке

Мұзбалақ ақынның кітабын саудалап жүрген тұрғын болса, халықтың көзіне түсіп, көңілдерін көтерді. Оның ерекшелігі — Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, кітапты таныстыруында еді.

Сахнада Ұлжан Айнақұлова, Рамазан Стамғазиев, жергілікті әншілер асқақтата ән шырқап, әртістер Қарқара туралы көрініс қойды. Жалпақ жұртты жайлауға тоғыстырған тойдың өтуімен облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов құттықтады. Сондай-ақ көрермендер де өз пікірін білдірді.

«Қымызмұрындық өте жоғары деңгейде өтті. Ұлт мәдениетінен сыр шертетін шара болды. Халықта есеп жоқ. Әрине, бұл — ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан мереке. Дүбірлі тойда көрме де, ұлттық ойындардан жарыс та, шеберлік сабағы да көрсетілді. Алған әсеріміз көп. Бұқара, әсіресе, Аламан және Құнан бәйгені асыға күтті», — деді ардагер журналист, Қонаев қаласының тұрғыны Зарыққан Әбілқасымұлы.

Мыңдаған адам жиналған әрі бірнеше бағытты қамтыған фестиваль теңге ілу, садақ ату, қыз қуу, Аламан және Құнан бәйге секілді делебені қоздырып, тақым қысатын ұлттық ойындармен аяқталды.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz