Аталған тізілімге жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ғана қосыла алады.
Кімдер тіркеле алады?
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі» тізіліміне төрт санат бойынша тіркелуге болады:
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кемінде екі адамды жұмысқа қабылдаған кәсіпкерлер.
- Осы санатқа кіретін тұлғалар өндірген өнімді немесе қызметтің іске асуына ықпал ететіндер.
- Қызмет түрлеріне байланысты әлеуметтік бағытта жұмыс істейтіндер.
Осы талаптарға сай кәсіпкерлер тізімге еніп, мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады.
Өтінім беру тәртібі
Спикердің айтуынша, дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаны тізімге енгізуге арналған өтініштер календарлық тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейінгі аралықта қабылданады. Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау «Kezekte.kz» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Грант көлемі 5 млн теңгені құрайды.
Грант көлемі артты
2024 жылы 24 өтініш қабылданып, жалпы сомасы 74,6 млн теңгеге 15 жоба қаржыландырылды. Ал биыл мемлекеттік қолдау көлемі айтарлықтай өсіп, жалпы 370 млн теңгеге жетті.
Бұл бастама әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, халықтың осал топтарын жұмыспен қамтуға және олардың өндірген өнімдері мен қызметтерін ілгерілетуге үлкен мүмкіндік жасайды.





