Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарқынды жалғасуда

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік саладағы ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

2025 жылға жалпы құны 172,6 млрд теңгені құрайтын 147 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, ауылдық инфрақұрылым және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған өзге де нысандар бар.

Биыл облыста 87 медициналық нысанның құрылысына 20,3 млрд теңге бөлінді. Оның 8,2 млрд теңгесі игерілді. Маусым айында Райымбек ауданының Көмірші ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

2025 жылы 18 денсаулық сақтау нысаны іске қосылады:

  • 5 дәрігерлік амбулатория

  • 7 фельдшерлік-акушерлік пункт

  • 6 медициналық пункт

Бұл нысандар Жамбыл, Балқаш, Іле, Кеген және Ұйғыр аудандарында толық аяқталды.

Жыл соңына дейін Қарасай, Жамбыл және Райымбек аудандарында тағы 6 медициналық мекеме, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртуға бағытталған 20 жоба мен 38 жылжымалы медициналық пункт (МСЗ) пайдалануға берілмек.

2025 жылы 12 мектепті күрделі жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы жобалардың құны – 14,6 млрд теңге.
Жыл соңына дейін Балқаш ауданындағы Қарағаш ауылы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазтай Ұлтарақов ауылында орналасқан мектептер оқушыларға есік ашады.
Қалған нысандардағы жұмыстар 2026 жылдың наурыз айында толық аяқталады.

Қазіргі уақытта облыста 187 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр.

  • 25 жоба бойынша сараптамалық қорытынды алынған

  • 19 жобаға республикалық бюджеттен қаржы бөлу туралы өтінім жолданған

Ауқымды бастамалар облыстың әлеуметтік инфрақұрылым сапасын арттыруға, халыққа қолайлы өмір сүру, заманауи білім алу және сапалы медицинаға қолжетімді жағдай жасауға бағытталған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, алдағы кезеңде әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғаса береді. Бұл өңірдің демографиялық, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайтуға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz