Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 870 шақырымнан астам автожол жаңартылады

Алматы облысында жол жөндеу маусымы аяқталуға жақын. Биыл өңірде 872,9 шақырым автожол жаңартылуда. Оның ішінде 53,2 шақырымына күрделі, 135,5 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, ерекше назар ауылішілік жолдарға аударылған. Бұл бағыттағы жұмыстар 142 елді мекенде жүргізілуде, олардың жалпы ұзындығы – 684,2 шақырым. Жыл басынан бері 72 шақырым жол жөндеуден өтті, қалған учаскелер әртүрлі кезеңде іске асырылып жатыр.

Алматы облысының автожолдарының жалпы ұзындығы 5 714 шақырымды құрайды. Оның 1 808 шақырымы республикалық, 3 906 шақырымы жергілікті маңызға ие. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 94 пайызға жеткен.

«Біз жол-құрылыс маусымының соңғы кезеңіне шықтық. Көптеген учаскелерде жұмыстар қарқынды аяқталуда, бір бөлігі пайдалануға берілді. Біздің басты мақсатымыз – тек асфальт төсеу емес, ауылдар, аудандар мен қалалар арасындағы тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ету», – деді Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.

Оның айтуынша, магистральдық трассалардан бөлек, кіреберіс және ауылішілік жолдардың сапасына да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей ықпал етеді.

Жол-көлік желісін дамыту өңірдегі логистиканы жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ экономикалық белсенділік пен ішкі туризмнің дамуына жол ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz