Жалпы көлемі 218,1 мың га болатын 374 субъект бойынша сотқа талап арыз жолданып, 23 субъектке қатысты сот шешімі шыққан.
Ерікті негізде көлемі 48,3 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Бүгінгі күні елдімекендерде мал жаю үшін 616,1 мың га жер бекітілді. Қосымша 135,3 мың га 332 субъекттің пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері анықталды.
Айта кетейік, былтыр мемлекет меншігіне 112,6 мың гектар жер қайтарылған. Ал өткен жылғы желтоқсанның 13-і күні облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде 1 млн гектар жер мемлекет қарамағына өтетінін мәлімдеген болатын.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы дерегіне сүйенсек, биыл елімізде мемлекет меншігіне пайдаланылмай тұрған және заңнаманы бұза отырып берілген 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне жалпы көлемі 5 млн гектар жерді қайтару жоспары бар.





