Синоптиктердің мәліметінше, 24-25 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстік және таулы аймақтарында қатты аяз болады. Ауа температурасы -31 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар, өңірдің солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.
Сондай-ақ, Алматы және Қонаев қалаларында да тұман күтілетіні хабарланды. Мамандар жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға және ауа райының өзгерістеріне дайын болуға шақырады.





