Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2025 жылы 27 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында 27 360 жас азамат жұмысқа орналасты. Бұл туралы өңірлік жастар саясаты саласындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып alataunews.kz хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
08.01.2026
Аймақ

Ресми мәліметке сәйкес, Enbek.kz порталы арқылы 7 мыңға жуық жас тұрақты жұмыс тапқан. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны», жастар тәжірибесі және ұрпақтар келісімшарты бағдарламалары аясында 3 900-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Бұдан бөлек, «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде өз ісін ашуға ниет білдірген 91 жасқа 1,5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант берілген. Сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталып, «Заңғар сыйлығы» аясында жастарға қаржылай қолдау көрсетілді.

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту бағытында «Жасыл ел» жобасы іске асырылып, ауыл жастары еңбекке тартылды. Өңір еріктілері республикалық «Игі істер» марафонында «Ең мейірімді аймақ» атағын иеленсе, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен 5 ұйым марапатталған. Волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында арнайы электронды қосымша әзірленді. Сонымен қатар, жыл бойы түрлі форумдар өтіп, белсенді жастар өңірдің түкпір-түкпірінде бас қосты.

Жастар инфрақұрылымын дамыту бағытында Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында жастар орталықтары пайдалануға берілді. Ал Қонаев қаласында коворкинг орталығы ашылды. Биыл бұл бастамалар өз жалғасын таппақ. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында төрт жаңа жастар орталығын ашу жоспарланып отыр.

Алматы облыстық жастар саясаты басқармасы басшысы **Мәди Ахметов**тің айтуынша, Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы жастар инфрақұрылымы мен жұмыс орындарын дамытуға арналған арнайы жоспар әзірленіп жатыр.

«Біз үш жылға арналған арнайы жоспар дайындап отырмыз. Әсіресе Алматыға жақын орналасқан Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы көші-қон мәселесін шешіп, сол өңірлерде тұрақты жұмыс орындарын құруды көздейміз. Сонымен қатар ауыл жастарына арналған инфрақұрылымды дамытуға басымдық береміз», – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысында 35 жасқа дейінгі жастар саны 432 мыңнан асады. Бұл өңір халқының шамамен 30 пайызын құрайды. Жүзеге асырылып жатқан бастамалар жастардың әлеуетін арттыруға және олардың әлеуметтік белсенділігін күшейтуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz