Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 20 мың тұрғыны бар ауыл таза ауызсуға зәру

Алматы қаласына іргелес Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында ауызсу тапшылығы жылдар бойы шешілмей келеді. Халық саны 20 мыңға жуықтаған елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі болғанымен, оның техникалық жағдайы мүлдем жарамсыз. Құбырлардағы қысым әлсіз, ал кейбір көшелерге мүлде су жетпейді. Ауыл тұрғындары суды тек түнгі уақытта жинауға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Тұрғындар: «Суды шелектеп тасимыз»

«Қала іргесінде тұрсақ та, суды шелектеп тасимыз. Көбіміз құдықтан су ішеміз, бірақ оның сапасы өте нашар. Жерден алынған судың иісі мен тұнбасы бар. Құбыр тартылғанымен, қысым жоқ. Су тек түнде ғана ағады. Қазір ауылдың бар болғаны 20 пайызы ғана орталық су жүйесіне қосылған. Біз Қаскелең топтық су құбыры жобасына да енбейміз. Қазір ауылға суды «BeyAzhTrans» ЖШС мен «Таусамалы-Қызмет» мекемесі жеткізіп отыр, бірақ олардың да техникалық мүмкіндіктері әлсіз. Осы мәселені шындап көтеру үшін Мәжіліс депутаттарын арнайы шақырттық», – дейді ауыл тұрғыны, ардагер Егінбек Егеубеков.

Тұрғындардың айтуынша, жеке қазылған құдықтардың басым бөлігі рұқсатсыз және санитарлық талаптар сақталмаған. Бұл жағдай ауызсу сапасына, техниканың бұзылуына және тұрғындардың денсаулығына кері әсер етіп отыр.

Жобаның құны – 4,8 млрд теңге

Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов Кемертоғанға арнайы барып, халықпен кездесіп, жағдайды көзбен көрді.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожиннің айтуынша, Кемертоған мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Негізгі түйткіл – су тапшылығы мен оның сапасы. Бүгінгі күні ауылдағы 4500-ден астам үй орталық су жүйесіне қосылмаған.

«Қажетті құжаттар дайын, жер телімі де бөлінді. Енді бастысы – республикалық бюджеттен қаржы тарту. Бұл мәселе Үкіметтің қарауына ұсынылды. Премьер-Министр бақылауға алды. Бюджет нақтыланғанда қаржы бөлінеді деп күтілуде. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының ерекше бақылауында», – деді Мәжіліс депутаты Максим Рожин.

Оның айтуынша, жоба аясында:

  • 184,8 шақырым су құбыры,

  • Екі су сақтау резервуары,

  • Үш насос станциясы,

  • Дизель генераторы мен трансформаторлық қосалқы станция салу жоспарланған.

Жоба жүзеге асқан жағдайда ауылдағы 20 мыңға жуық тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Жобаның жалпы құны – 4,8 млрд теңге.

Өңірде жүйелі жұмыс басталды

Қарасай ауданында осындай инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Қазірдің өзінде Жаңатұрмыс пен Қаратөбе ауылдарында су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Елтай, Жармұхамбет, Шалқар және Қайрат ауылдарында да жұмыстар басталған. Бұл жобаларға 1,7 млрд теңге бөлінген.

Кемертоған тұрғындары ауызсу мәселесінің биылғы бюджет нақтылану кезінде шешіліп, көптен күткен тіршілік нәріне қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz