Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

Алматы облысында білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

2025 жылы өңірде 20 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 21,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Жөндеу жұмыстарының 11-і облыстық құрылыс басқармасы арқылы, ал 9-ы облыстық білім басқармасы арқылы іске асырылуда.

Білім басқармасы жүзеге асырып жатқан 9 нысанның 6-ы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қамтылған. Қалған 3 жоба – 2024 жылдан өтпелі нысандар. Бұл мақсатқа жалпы 8 млрд 958 млн теңге қарастырылған, алайда бөлінген қаражат толық көлемде игерілмеген. Қосымша қажетті сома – 2 млрд 229,6 млн теңге.

Өтпелі 6 мектептің екеуінде жұмыстар 30 тамызда аяқталды:
• Еңбекшіқазақ ауданындағы Қ.Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
• Қарасай ауданы, Абай ауылындағы М. Ғабдуллин атындағы мектеп

Ал қалған төрт мектептегі жөндеу 30 қазанға дейін аяқталатыны жоспарланып отыр. Олар:
• Абылайхан атындағы мектеп (Еңбекшіқазақ ауданы)
• Қ.Сәтпаев атындағы мектеп (Еңбекшіқазақ ауданы)
• №12 мектеп (Талғар ауданы, Нұра ауылы)
• №10 мектеп (Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы)

Сонымен қатар 3 білім беру нысаны — Балқаш ауданындағы М.Сеңгірбаев атындағы мектеп, Жамбыл ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп және Талғар ауданы Қызылту ауылындағы №24 мектеп — 2026 жылға өтпелі ретінде белгіленді.

Білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары облыстағы ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге, оқу сапасын арттыруға және балаларға қолайлы, заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz