Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 15 млрд теңгелік сүт фермасы салынады

Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің аумағында 1200 басқа арналған заманауи сүт-тауарлы ферманың құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.01.2026
Аймақ

Инвестжобаны іске асыру үшін жалпы аумағы 1955 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда оның 700 гектарында мал азықтық дақылдар егуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығында тиімділігі жоғары тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын енгізу көзделген.

Жобаны 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ферманың жылдық өндірістік қуаты 13 млн литр сүт өндіруге жетеді.

Инвестжоба аясында екі негізгі технологиялық үдеріс қарастырылған. Оның біріншісі – мал азықтық дақылдарды өсіру, екіншісі – тауарлы сүт өндіру.

Инвестжобаны тұрғындарға таныстыру мақсатында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов арнайы жиын өткізді.

«Өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту – Қонаев қаласы әкімдігінің басты бағдарларының бірі. Мұндай жобаларды жан-жақты қолдау қажет. Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, қала экономикасының дамуына оң әсер етеді. Алдағы уақытта Қонаев қаласында 40-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ», – деді қала әкімі.

Айта кетейік, 2025 жылы Қонаев қаласына 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz