Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1,2 миллионнан астам тұрғын газбен қамтылды

Қазіргі таңда өңірдің 1,2 миллионнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл – аймақ тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам.

Соңғы жылдары облыста ондаған елді мекен орталықтандырылған газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Тек 2024 жылдың өзінде 17 нысанның құрылысы аяқталып, олардың қатарында Жамбыл ауданын газбен тұрақты қамтамасыз ететін «Қазыбек бек» автоматтандырылған газ тарату станциясы бар.

Бүгінде Алматы облысындағы газ құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4,8 мың шақырымнан асты, ал газ тұтыну көлемі жыл сайын өсіп отыр.

Биылғы жылы облыстың газдандыру жобаларына шамамен 11 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат есебінен 13 елді мекен мен Қонаев қаласының бес шағынауданына көгілдір отын жеткізілмек.

Қазіргі уақытта Алатау қаласының Даулет шағынауданында, Жамбыл ауданындағы Танбалытас ауылында, Балқаш ауданындағы Ақжар ауылында және Бақанас ауылындағы жаңа тұрғын аймақтақұрылыс жұмыстары басталып кетті.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков жаңа жобалардың маңыздылығын атап өтті:

“Талғар ауданының Еламан және Кіші Байсерке ауылдарының тұрғындары газға қосылды. Қабылдау актілері рәсімделіп, іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Енді үйлерге көптен күткен жылу кірді. Бұл – көгілдір отынды өңірдің әр тұрғынына жеткізу жолындағы маңызды кезең”, – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, газдандыру бағдарламасы тек тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ жеке үйлер мен әлеуметтік нысандардағы отын шығынын азайтуға септігін тигізеді.

Қазірдің өзінде газбен қамту көрсеткіші бойынша Алматы облысы республикадағы алдыңғы қатарлы өңірлердің біріне айналып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz