Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1 млн гектардан астам пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері анықталды

Алматы облысында 2023–2025 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 028 пайдаланылмаған жер телімі табылды. Олардың жалпы аумағы 1 млн 24,9 мың гектарды құрайды. Бұл туралы alataunews.kz тілшісі хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жер қатынастары саласындағы тексерістер нәтижесінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 369 мың гектарды қамтитын 1 144 жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Оның ішінде 83 мың гектар жер сот шешімімен, ал 286 мың гектар жер пайдаланушылардың ерікті түрде қайтаруы арқылы мемлекет иелігіне өтті.

Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарының арқасында 628 телімде (253 мың гектар) мал шаруашылығы нысандары тіркеліп, жерлер қайтадан айналымға қосылды. Бұдан бөлек, 157 мың гектар болатын 491 жер телімі бойынша да тиісті шаралар қабылданған.

Қалған жер телімдеріне қатысты материалдарды сотқа жіберу, Жер ресурстарын басқару департаментіне тапсыру, иесіз мүлік ретінде тіркеу және келісімшарттарды бұзу жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы үш жыл ішінде айналымға қайтарылған жерлердің ішінде конкурс арқылы 100 мың гектарды құрайтын 942 телім ауыл шаруашылығы өндірісіне берілген. Сондай-ақ, 5,9 мың гектар болатын 39 жер телімі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінді.

Бұл шаралардың барлығы өңірдегі жер ресурстарын тиімді әрі мақсатты пайдалану, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыру және жердің игерілмеуіне жол бермеуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz