Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Газ қысымының аздығынан шаршаған тұрғындар әкімге сауал жолдады

Жамбыл ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгіннің өзінде өңір тұрғындарының  51 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Алайда шешілмеген мәселе де жетерлік. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ертасұлы alataunews.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты. 

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, аудандағы 61 елді мекеннің 31 газбен қамтылған. Өңірдегі табиғи газ құрылысына 3 жыл ішінде 3, 6  млрд теңге бөлінген.

«2023 жылдың аяғында Тарғап, Самсы ауылдарын мемлекет тарапынан газбен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, жеке меншік «Тәуекел Газ Құбыры» арқылы да қосылған ауылдар бар. Тұрғындарды мемлекеттік пен жеке меншік газдандырудың айырмашылығы бағасында және сапасында. Мысалы, жеке компаниямен қосылу бағасы төрт жүз мың теңге болса, бюджеттен қосу құны 200 мың теңге. Жеке меншік компания «Тәуекел Газ Құбырымен» қосылған ауыл тұрғындары газ қысымының аздығын айтып жиі шағымданады. Біз компания басшыларымен кездесіп, олқылықтарды жөндеу туралы сөйлестік. Келісімшарттағы міндетемелерді орындауды талап еттік. Компания тұрғындардың шағымын шешу бойынша жұмыс істеп жатыр. Келесі жылыту маусымына дейін барлығы реттеледі», — дейді аудан әкімі

Әкім «Тәуекел Газ Құбыры» компаниясының жұмысы әкімдіктің қатаң бақылауында екенін, қойылған талап орындалмаса сотқа жүгінетіндіктерін , болашақта мұндай олқылықтарға жол берілмейтінін айтты.

«Қалған 49 пайыз елді мекенге де жақында газ тартылады. Мысалы, Дегерес, Беріктас, Ақтерек, Қазыбек бек, Ақсеңгір, Балғабек Қыдырбекұлы, Көкдала, Жайсан елді мекендеріне бюджет есебінен газ тартылып жатыр. Бұларда талап жоғары болатыны сөзсіз», — деді өңір басшысы.

Тегтер: Жамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz