Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Шахматтан Алматы облысы әкімінің ашық кубогі басталды

Қарасай ауданы Райымбек ауылында орналасқан «NurAman» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан Алматы облысы әкімінің ашық кубогі басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Халықаралық жарысқа спорттың осы түрі бойынша озық нәтиже көрсетіп жүрген АҚШ, Украина, Нидерланд, Армения, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның әр өңірінен 200-ден аса шахматшы қатысуда. Олардың қатарында 12 гроссмейстер мен 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар.

Қазақстан шахмат федерациясы мен Алматы облысының әкімдігі бірлесіп өткізіп жатқан дүбірлі доданың ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым осындай жарыстар өңірдегі және еліміз бойынша шахмат спортының дамуына үлкен ықпал ететінін айта келіп, қатысушылардың барлығына қызықты ойын мен жеңіс тіледі. Сол сияқты Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова мен ұйымның вицепрезиденті Александр Бабенко да ізгі тілектерін жеткізді.

Аталған шахмат турниріне келгендердің қатарында аты әлемге әйгілі шахматшылардың болуы жарыстың маңыздылығын арттыра түсті. Солардың қатарында Гиннестің рекордтар кітабына енген америкалық шахматшы Тимур Гареевті атап өтуге болады. 2004 жылы гроссмейстер атағын жеңіп алған Өзбекстанның тумасы 2016 жылы көрмей ойнау тәсілі бойынша бір мезгілде ең көп адамдармен тартысқа түсіп, әлемдік рекордты жаңартқан еді. Біздің елдің атынан әлем чемпионы Ксения Балабаева, Азия ойындарының чемпионы Мұртас Қажығалиев, әлем чемпионатының жүлдегері Аңсат Алдияр сияқты халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер қатысқан болатын.

Үш секция бойынша өтіп жатқан жарыстың алғашқы жеңімпаздары анықталды. Атап айтқанда, «Блиц» турнирі жарысынан Тимур Гареев (АҚШ) бірінші орынға көтерілсе, тиісінше, екінші және үшінші орындар Григор Диланян (Армения) мен Артавазд Хайрапетянның (Армения) еншісіне бұйырды.

Ерлер мен әйелдер арасында Алматы облысынан Пайрави Кодири мен Алматы қаласынан Әсел Лесбекова үздік деп танылды. Ал 11 мен 14 жас аралығында Ақтау қаласынан келген Эдгар Мамедов өзгелерден қара үзсе, 10 жасқа дейінгі спортшылар арасынан алматылық Санжар Толбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік дүбірлі дода әлі үш күнге созылады деп күтілуде. Ендеше ұлттық құрама мүшелеріне әлі де болса озық ойын көрсетуге мүмкіндік бар.

Қуат Қайранбаев,
Қарасай ауданы

Тегтер: жарысшахмат

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz