Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті. Керуен тізбегінде түйелер, ат арба, күймелер мен автокөліктер болды. Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, театр әртістері мен жастар, енген керуеншілер әуелі алаңға жиналды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Мерекелік көш-керуенінің шартты атауы – «Ынтымақ». Мақсаты – облыс халқының тұтастығын мен ауызбіршілігін көрсету. Бүкіл аудандарды қамтитын Көшке 3000 адам қатысты. Бір аудан – бір Көш. Әр ауданның тарихи, мәдени, географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, әрқайсысына белгілі бір тақырып берілді.

Көш — керуен жол бойы бір-біріне қосылып, толығып отырды, және қазақтың көш дәстүрі қатаң сақталды.

Орталыққа келіп жеткен көш-керуенді өңір жұртшылығымен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен құрметті ақсақалдары күтіп алды.

Жиналған көпшілік жыл басының басты дәмі – Наурыз көжеден дәм татты. Күбіден түскен май мен табада піскен ыстық нан, бауырсақтан ауыз тиді

Көшке көрісу сияқты дәстүрлер қамтылып мерекенің мәні одан әрі ашыла түсті. Әр көшке 1 минутқа дейін уақыт беріліп,  өздеріне берілген тақырыптар бойынша өнерін көрсетіп, игі шараның маңызын арттыра түсті.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев                                                                         жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

«Құрметті жерлестер!

Биыл Наурыз мейрамы Қасиетті Ораза айына тұспа-тұс келіп отыр. Барша мұсылман қауымына тұтқан Оразаның қабыл болуын тілеймін!

Әз-Наурыз ынтымағымызды нығайтып, асқар асуларды бағындыруға жетелей берсін.

Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін!

Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!

Ұлыс оң болсын!

Мейрам құтты болсын!», – деп дүйім жұртқа ізгі ниетін білдірді.

Осылайша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарын Ұлыстың ұлы күнінде, «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, өзінің құттықтау сөзін жақсы бір салтанатты рәсіммен аяқтады.

Облыс басшысының құттықтауынан кейін «Жаңа күн» атты пролог басталады. 150-200 адам қатысатын Пролог Күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтыды. Театрландырылған пролог-қойылымға белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова мен «Раббат» этнотобы, сондай-ақ 70-ке жуық биші би билеп, сахнада ерекше халықтық мерекенің атмосферасы пайда болды. Ары қарай концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын «Дос Мұқасан», Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер ән айтты. Ал  кешкі мерекелік концертте Еркеш Хасен, Нұрсұлтан Нұрбердиев т.б сияқты жастардың сүйікті әншілері өнер көрсетіп кеш көрігін қыздырды.

Тегтер: Басты жаңалықтарнаурыз

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz