Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаев қаласы әкімі ауылдардың әлеуметтік жағдайымен танысты

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округіне қарасты елдімекендерге барып қайтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Бұл жолы басымдық әлеуметтік нысандарға берілді. Алдымен әкім Сарыбұлақ пен Кербұлақ ауылдарында орналасқан блоктық-модульды кешеннің жұмысымен танысты.

Медициналық қызметкерлер аталған нысандарды электр қуатымен жылыту жеткіліксіз екенін айтып, шағымданды. Сондықтан әкім ауыл әкімі мен аурухана директорына қатты немесе дизель отынымен жылыту мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ал Шеңгелдідегі амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан шаһар басшысы нысанды уақытылы қолданысқа беруді тапсырды.

Сонымен қатар ол ауылдардағы спорт және воркаут алаңдарының тозып тұрғанына да назар аударды.

«Бұрын осы алаңдарды салған мердігер компанияның кепілдік мерзіміне сәйкес, ағымдағы жөндеу жасалуы тиіс. Спортсүйер жастарға жағдай жасап беруіміз керек. Сұранысты қамтамасыз ету – маңызды», – деді Асхат Бердіханов.

Ал Ақөзектегі мектептің қабырғасы жарылып кетуіне байланысты әкім ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды. Шаһар басшысы Кербұлақ, Сарыбұлақ, Ақөзек пен Шеңгелдідегі мектеп асханаларын да тексеріп шықты, мәзірдегі тағамнан ауыз тиді.

«Жалпы жаман емес. Алайда, балалардың қауіпсіздігі, дұрыс тамақтануы әрдайым басты назарда болуы шарт. Санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарыңызды түгендеп, тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстаңыздар», – деді әкім.

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Жазиев Асхат Бердіхановқа шаруалардың түйткілі, Ақөзектегі селден қорғайтын екі көпірді күрделі жөндеуден өткізу туралы ұсынысын айтты.

Шаһар басшысы болса, барлық көкейкесті сұрақтарға арналған ауқымды жиын ұйымдастырылып, талқыланып, шешім шығарылатынын айтты.

 

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz