Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың» – Демеу Жадраев

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2024
Аймақ, Алматы облысы

Бұл кездесу спортшының жақында Олимпиадада күміс жүлде алуына арналған және оның спорттық мансабының маңызды кезеңдерін қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Демеу Жадыраев өз сөзінде спорттағы жетістіктің құпиясмын бөлісті.

«Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың. Спортта табысқа жету үшін алдымен өзіңмен күресіп, өзіңді жеңу керек. Менің үлкен спортқа келуіме алғашқы бапкерім Жұмахан Тұрғанбековтың еңбегі орасан. Спортшы болу үшін ең алдымен, спортқа деген шынайы сүйіспеншілік, темірдей тәртіп және жеңіске деген жігер керек. Жаттықтырушының әрбір кеңесін тыңдап, тапсырмаларды толық орындау арқылы ғана биік мақсаттарға қол жеткізуге болады», – деді спортшы.

Сонымен қатар, ол өз отбасының спорттық мансабындағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

«Әйелімнің моральдық қолдауы менің жетістіктерімнің негізі болды. Оның сенімі мен қолдауы маған үлкен күш беріп, әрдайым алға жылжуыма көмектесті. Спорттық мансабымдағы қиын кезеңдерде ол менің ең үлкен қолдаушым», – деп атап өтті Демеу Жадыраев.

Кездесуге шақырылған қонақтар қатарында Демеу Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоңыратов және Алматы облысының спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков болды. Олар өз сөздерінде Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы жетістігі мен оның Қазақстан спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Демеу Жадыраевтың Олимпиада ойындарында күміс жүлде алуымен Алматы облысының спорт саласындағы жоғары деңгейі тағы да бір дәлелденді. Бұл өңіріміздің спорттық жетістіктерін әлемге танытты. Сонымен қатар, өңірден олимпиадаға стенд атудан Әсем Орынбай, Едуард Ещенко және Дмитриенко Мария, оқ атудан Чирюкин Никита қатысып, өнер көрсетті. Алматы облысының әкімі спортшылардың барлық жағдайын жасауға ерекше көңіл бөліп, оларға қолдау көрсету мақсатында көптеген шаралар қабылдады», – деді Ерболат Сарабеков.

Кездесу соңында Демеу Жадыраев барлық жанкүйерлеріне, жаттықтырушыларына және қолдаушыларына шынайы алғысын білдірді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz