Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Конституция күні аясында Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға пәтер кілтін табыстады

Қорлан Нұрланқызы
30.08.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Sun City» тұрғын үй кешенінде 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ол: «Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басымдық. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым жіті назарда болады», — деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспана мәселесімен қамтуға баса назар аударған.

Осы бағытта Алматы облысында да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы әлеуметтік осал топтарға арналған 1304 пәтерді сатып алу жоспарланған. Оның 55-і бүгінде сатып алынды. Облыс орталығында қосымша 145 пәтер сатып алынып, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі. Жалпы, облыс бойынша 61 көппәтерлі тұрғын үй (1618 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 3 мыңға жуық облыс тұрғыны жаңа баспанаға ие болады деп күтілуде», — деді Марат Елеусізұлы.

Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі — Анар Алмұратова. Күміс алқа иегері бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ол он жылдан бері Қонаев қалалық ауруханасында медбике болып жұмыс істейді.

«Қонаевта тұрып жатқанымызға он жыл болды. 2012 жылы көшіп келдім. Әсерімді айта алмаймын, толқып тұрмын, қуаныштымын. Конституция күні қарсаңында үй беріп жатыр, балапандарымыз осы жерден сабаққа барады. Екі бөлмелі үй, 78 шаршы метр, іші үлкен», — деді Анар Алмұратова.

«Sun City» тұрғын үй кешені қаланың жайлы әрі қолайлы бөлігінде орналасқан. Ғимараттың құрылысы екі жыл бұрын басталып, биыл пайдалануға берілді. 12 қабатты нысанның ауласы толық абаттандырылған. Балаларға арналған спорттық, ойын-сауық алаңдары да орнатылыпты.

«Қонаев қаласында баспана кезегінде 1834 адам тұр. Олардың арасында көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, жетім балалар және мүгедектер бар. Жыл соңына дейін 165 пәтерді Үкімет тарапынан беру жоспарланып отыр», — деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz