Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдаланып, есепке қойған 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Салдарынан мемлекетке 180 млн теңге сомасына кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдері төленбеген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.





