Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жастағы қызды 300 адам әлі іздестіріп жатыр. Кинологтар мен тікұшақтан басқа, Еңбекшіқазақ ауданында арнайы іздеу тобы құрылып, қосымша әскери қос тігілген. Із-түзсіз кеткен бүлдіршінді табуға жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

17 наурызда із-түзсіз жоғалған 3 жасар қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Аймақ тоғай болғандықтан құтқару қызметінің жұмысын одан сайын күрделендіріпті. Ал іздеу арнайы қорғалған аңшылық аймақта болғандықтан, бекеттен ары өткізбеген. Олардың айтуынша, қоршаудың арғы жағында құпия тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Еңбекшіқазақ ауданы Безымянное көлі жанындағы Қарашеңгел учаскесінде 3 жастағы қыз Балгашаева Аия Софияның жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Осыған сәйкес іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД, Полиция департаменті, № 6654 әскери бөлім, Ұлттық ұлан сарбаздары, республикалық жедел әрекет ету жасағы, еріктілер жұмылдырылды. Жалпы саны 300-ге жуық адам мен 66 техника, қосымша бір тікұшақ іздестіріп жатыр», — деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ерсін Жағыпаров.

Бекетегі қызметкерлердің айтуынша, іздестіруге қатысты ақпарды жариялауға тыйым салған. Қазір полиция тек іздестіру амалдары қарқынды жүріп жатқаны жайлы ақпарат берді. Ал «қызды өлтіруі мүмкін» деген сыбысқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.

«17 наурызда сағат 21:00-де Еңбекшіқазақ ауданы полициясына 40 жастағы аудан тұрғыны сағат 16:00 шамасында 3 жастағы қыз үйден шығып, қайта оралмағаны жөнінде айтты. Айтылған дерек аудандық полицияға тіркелді. Ізін суытпай, арнайы іздеу тобы құрылды. Департаменттің 150, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 50 қызметкері, 10 атпен іздеу тобы және 25 кинолог іздеу шарасына белсенді қатысып жатыр», — деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов

Тегтер: балаіздеу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz