Бұл бағытта өңірде 420-дан астам іс-шара өткізіліп, 341 мыңнан астам адам қамтылған.
Ақпараттық жұмыстар аясында тұрғындарға 158 мыңнан астам ақпараттық материал таратылып, төрт арнайы ақпараттық стенд орнатылған. Сонымен қатар, тұрғындар көп шоғырланатын орындардың бірі – Қонаев қаласындағы сауда орталықтары да түсіндіру жұмыстарының негізгі алаңына айналған.
Ұйымдастырылған іс-шаралардың ішінде ерекше назар аудартқаны – жұлдызды шоу-матч. Онда халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен өнер саласының танымал өкілдері бір алаңда бас қосып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Матчты тамашалау үшін стадионға 3000-нан астам жанкүйер жиналды. Кездесу ерекше форматта өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – жеңімпазды анықтау емес, тұрғындарға жағымды эмоция сыйлау, қоғамдағы бірлік пен белсенді азаматтық ұстанымды нығайту болды.
Іс-шара «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» ұранымен және Әділетті және прогрессивті халықтық Конституция үшін жалпыұлттық коалициясының өңірлік құрылымының қолдауымен өтті.
Мамандардың пікірінше, жастардың белсенді қатысуы Алматы облысында жаңа Конституция жобасын қолдау кең қоғамдық сипатқа ие екенін көрсетеді.





